Шымкент қаласынының Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өткен ойын есепті Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет ашты. Ол бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда мергендік танытты. Сонымен қатар, бірінші таймның ортасында Денис Красноперов тепкен доп қақпа торынан табылған еді. Алайда, төрешілер қазақстандық шабуылшының ойыннан тыс қалғанын бірден аңғарды.
Екінші таймда есе қайтаруға тырысқан Тәжікстан құрамасының бас бапкері Зайниддин Рахимов бірнеше футболшы алмастырды. Нәтижесінде Вахдат Ханоновтың алыстан бағыттаған соққысы қақпа торынан табылды.
Алайда, ойынның тең аяқталуына келіспеген Жасұлан Қайыркенов кездесудің аяқталуына үш минут қалғанда Қазақстан құрамасын алға шығарды. Қорытынды есеп - 2:1.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогының иегері атанды.