Әлем чемпионаты алдында Аргентина құрамасы бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, қарсыластары жайлы нақты ақпарат әзірге белгілі емес. Сол қарсыластарының бірі Қазақстан болып қалуы әбден мүмкін.
Өйткені, Қазақстан Әлем чемпионаты өтетін Ресейге өте жақын. Жолдастық кездесу үшін алыс жол жүрудің қажеті жоқ. Қазақстандық тараптан ыңғайлы ұсыныс түссе, ғаламдық дода басталмас бұрын шәкірттерін бір сынап алуға Хорхе Сампаоли да қарсы бола қоймауы мүмкін.
Айта кетейік, 4 маусым - 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатына қатысатын командалардың чемпионатқа қатысатын соңғы тізімін ұсынатын күн. Сол себепті Аргентина футбол құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли бұл матчқа кеңейтілген құрамды (30-35 ойыншы) немесе Әлем чемпионатына қатысатын соңғы құрамды (23 ойыншы) шақыруы мүмкін.
Ресейде 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтетін әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы Исландия, Хорватия және Нигериямен бір топта бақ сынасады.
Қуаныш Қаппас Журналист ©prosports.kz