Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе-жегі өтпей қалды
28.01.2018, 16:19

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе-жегі өтпей қалды

Қазақстандық боксшы Арман Рысбектің кәсіпқой шаршы алаңдағы алғашқы жекпе-жегі өтпей қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рысбектің қарсыласы америкалық Хаким Аткинсон (2-9, 1КО) болуы тиіс еді. Төрт раундтық жекпе-жек 75 келіге дейінгі салмақта, Орландода (АҚШ) өтуі тиіс болған.

- Қарсылас жекпе-жекке келмеді, - деп хабарлады Рысбек.

-Сен рингке шығып, ол шықпады ма?

- Жоқ, ол мүлде келмеді.

- Келмегені үшін жекпе-жек өтті деп есептеле ме?

- Жоқ.

Айта кетейік, Рысбектің кәсіпқой шаршы алаңдағы жекпе-жегі осымен екінші рет болмай қалды, бұған дейінгі кездесуі 2017 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған болатын, алайда қарсыласы жарақатына байланысты рингке шықпады. Дүниежүзілік бокс сериясының өткен маусымында Арман Рысбек "Астана Арланспен" бірге "Куба Домадорес" командасын финалда жеңіп, турнирді ұтып алды. 27 жастағы боксшы елордалық клубтың атынан жеті рет жекпе-жекке шығып, олардың бесеуінде жеңіске жетті.рек

Дереккөз: tengrinews.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер