Қазақстанды ОПЕК елдерінің бейресми кездесуіне шақырды
08.10.2016, 15:21

Қазақстанды ОПЕК елдерінің бейресми кездесуіне шақырды

ОПЕК-ке мүше елдер 8 және 13 қазан аралығында қыркүйек айында Алжирде қол жеткізілген келісімді жүзеге асыруды талқылау аясында Стамбұлда бейресми кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

ОПЕК-ке мүше елдер 8 және 13 қазан аралығында қыркүйек айында Алжирде қол жеткізілген келісімді жүзеге асыруды талқылау аясында Стамбұлда бейресми кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

«Кездесу Алжир, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Габон, БАӘ, Венесуэла және Ресей, сонымен қатар Бразилия, Қазақстан, Әзербайжан, Мексика мен Оманның энергетика министрлері арасында мұнай өндірісін шектеу бойынша кеңестер өткізу мақсатымен бейресми форматта өтеді. Кездесу 12 қазанда ұйымдастырылады», - деп хабарлады РИА Новости Әзербайжан энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Бұрын кездесу өтетін уақыт аталмаған. Оны Бүкіләлемдік энергетикалық конгресс күндері, яғни 9-13 қазанда Стамбұлда өткізу жоспарланғаны туралы ғана айтылған. Қатысушылардың тізімі де ресми жарияланбаған.

28 қыркүйекте ОПЕК Алжирдегі бейресми кездесуде мұнай өндірісін тәулігіне 32,5-33 миллион баррельге дейін шектеуге келісті. Алайда ұйымдағы нақты елдерге қойылған шектеулер белгісіз. Ұйым нарықты тұрақтандыру шараларына өзге де мұнай өндіруші елдердің қосылатынына үміттенуде.

Соңғы шешім 30 қарашада Венада өтетін ресми кездесуде қабылдануы тиіс.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер