Олар осыдан 3 мыңдай жыл бұрын Мезоамерикада (Орталық Америкада) өркениет негізін қалады. Солардан қалған бір ескерткіш – базальттан қашап жасалған алып адамдардың (дәулердің) бастары. Олардың бір ерекшелігі – сол бастардың көздері аса сұсты және қыли болып келеді. Енді сол ескіден қалған ескерткіштердің жұмбағы көп. Бұл алып бастарды қашап жасаудағы мақсат не? Олардың прототиптері кім болған? Батыр ма, патша ма, әлде спорт ойыншысы ма? Кімге арналса да мұншалықты үлкен етіп жасағанда, олардың күштілігін, айбарын көрсеткісі келді ме екен? Пайымдап қараңыз: сол бастардың биіктігі 3-4 метр болса, салмағы 50 тоннаға дейін тартады. Ал енді екінші жұмбақ, сол алып бастар жасалған тастарды қазіргі тұрған жерлерінен қалай жеткізген? Ал мұндай тастар қазіргі тұрған жерлерінен 100 шақырымдай қашықтықта болған.
Ескерткіштердің құпиясы
Орталық Американың тұрғылықты халқы майя мен ацтектерді, олар жасаған өркениет ескерткіштерін жұрт жақсы біледі. Ал олардың арғы тегі өлмектердің (ольмек) қалдырған мұралары да жұртты таң-тамаша қалдырады. Бұл туралы "Ана тілі" газеті жазды.