Грузияда мемлекеттік қызметкерлерге қара түсті көлік мінуге тыйым салынды
07.04.2018, 10:06

Грузияда мемлекеттік қызметкерлерге қара түсті көлік мінуге тыйым салынды

Грузиядағы мемлекеттік қызметкерлер мінетін көліктің түсі қара болмауы тиіс. Ел үкіметі «Мемлекеттік автокөлік паркін қайта бөлуді бекіту туралы» қаулыға осындай түзету енгізді, деп хабарлайды 24.kz.

Грузия халқы ежелден қара түсті жақсы көретіні ақиқат. Олар киім-кешек, дүние-мүлік, тіпті көлік түсінің қара болғанын қалайды. Алайда енді Грузия үкіметі осы қара түске қарсы шықты. Олар мемлекеттік қызметкерлерге тиесілі көліктердің түсі қара болмауын талап етіп отыр. Қазіргі биліктегі партия өкілдерінің айтуынша, қара түсті көліктер Михаил Саакашвилиден мирас болып қалған әдет іспеттес. Сол себепті де мұндай көліктерден бас тарту бұрынғы билік кезінде қанат жайған салтанат пен ерекшеленуге тосқауыл болады. Ақпан айының басында Грузияның премьер-министрі қара түсті көліктерден бас тарту туралы үкіметте бастама көтерген болатын. Георгий Квирикашвили,

Грузия премьер-министрі: - Барлығы, соның ішінде құқық қорғаушылардың өзі тек қара джиппен жүрсін деген ереже жоқ. Кез келген бастама министрлерден басталады да қалғандары солардан көргенін жасайды. Біз бірден барлығына басқа көлік бере алмаймыз, өйткенібұл үлкен қаржыны талап етеді. Бірақ біз министрлерден бастасақ қалғандары бізден үлгі алулары тиіс. Грузия қара көлікке тыйым салған алғашқы ел емес. Осы жылдың қаңтар айында қара түске Түрікменстан елі де тыйым салғаны белгілі. Бір айырмашылығы, Түрікменстан тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес, барлық тұрғындарға көлік түсін өзгертуді талап еткен. Алайда грузиндер биліктің өз автопарк көліктерін ауыстыру туралы шешімі қара халыққа әсер етпейді деп үміттенеді.


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер