Показать содержимое по тегу: жылжымайтын мүлік
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір айдан астам уақыт бұрын Парламент палаталарының бірлескен отырысында өзінің жаңа Бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Олар Қазақстан қоғамы арасында кеңінен қолдау тапты, ал ел Үкіметі Президент белгілеген міндеттерді іске асыруға дереу кірісіп кетті.
Президент ұсынған «Бес әлеуметтік бастама» бойынша қарқынды жұмыстар легі басталып кетті. Соның ішінде көпшіліктің көбірек көз тігіп отырғаны – баспана мәселесі.
Еліміздегі ипотеканың бір асқан кемшілігі – оның тым қымбат болуы. Мәселен, 2017 жылдың соңына Қазақстандағы ипотекалық несие нарығында 33 банктің 18-і қызмет етеді. Орташа тиімді мөлшерлеме 17,4 пайызды құрайды. 30 пайызға дейінгі бастапқы салыммен алуға болатын қарызды 12 банк береді.