Әрине, болады. Жалпы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен тек баспана сатып алу үшін емес, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе оны жаңарту мақсатында да (құрылыс материалдарын сатып алу, құрылыс жұмыстарының төлемақысын жүргізу және т.б.) депозит ашуға болады. Яғни ҚТҚЖБ тұрғын үй жағдайын жақсартуға байланысты кез келген мақсатта несие ұсынады. Біріншіден, несие жаңа үйлер нарығынан немесе қайталама нарықтан пәтер сатып алуға және екінші деңгейлі банк кепіліндегі пәтерді қосымша төлем жасау арқылы сатып алуға беріледі. Екіншіден, жер учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге, яғни жеке шаруашылық нысанын немесе баспана салу мақсатында беріледі. Үшіншіден, дәл осы мақсатта жер учаскесін сатып алу үшін де ресімделеді. Төртіншіден, басқа коммерциялық банкте алынған ипотеканы қайта қаржыландыру мақсатында беріледі. Бесіншіден, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен баспанаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін заем алуға болады. Алтыншыдан, екінші деңгейлі банк немесе басқа қаржылық ұйымнан ипотека алу мақсатында алғашқы жарна үшін беріледі.
© 7kun.kz