Показать содержимое по тегу: ЕУРО2018
Допты хоккейден Қазақстан құрамасы Хабаровскідегі әлем чемпионатынан сенімді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА.
Футзал - өткен ғасырдың 30 жылдары футболдың қарашаңырағынан отау болып бөлініп шыққан болатын. Алғаш Уругвайда пайда болып, кейін көрші Бразилия жеріне көшкен кіші теңбіл доп өнерінде күні бүгінге дейін Латын америкалықтар мықты саналып келеді. Футзал ойыны біздің елде де қарқынды дамып келеді. Сөзімізге 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа чемпионаты дәлел. Какау бастаған жігіттер алғаш рет қатысқан қарт құрлық біріншілігінде-ақ қолаға қол созған болатын. Араға аз уақыт салып төрт жылда бір болатын әлем чемпионатыда да жақсы өнер көрсетті.
Футзалдан Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Еуропа чемпионатындағы матчтарын жанкүйерлер тікелей эфирде тамашалай алады.