«Үйде өскен ағаштың» авторы Қазақстанның архитектурасын жаңа деңгейге көтермек
21.10.2016, 15:55

«Үйде өскен ағаштың» авторы Қазақстанның архитектурасын жаңа деңгейге көтермек

«Үйде өскен ағаштың» авторы Қазақстанның архитектурасын жаңа деңгейге көтермек tengrinews.kz

Айбек Алмасов – қазіргі таңда әлемнің ең таңдаулы сәулетшілерінің бірі. Оның «Үйде өскен ағаш» жобасы ғаламтор ғаламатына айналып үлгерді. Шыны әйнектен жасалған үй ну орманның ішінде орналасқан. Жас дарынның мақсаты – ел архитектурасын жаңа деңгейге көтеру, деп хабарлайды BNews.kz.

 

Айбек Тараз қаласында дүниеге келген. Қыл қаламға жастайынан қызығып өсті, сүйікті ісі адамдардың кескінін салу болды. Ал болашақ кәсібін тек орта мектептің соңғы сыныбында жүргенде ғана таңдаған.

«Архитектураға кенеттен ынтызар болдым. Бірде «Темір адам» фильміндегі Тони Старктың үйін көгілдір экраннан көріп, артынша сол үйдің суретін қайталап салдым. Сол сәттен бастап бұл қарапайым қызығушылық менің сүйікті ісіме айналды. 11-сыныптан бастап 3D модельдеу бағдарламаларын оқи бастадым. Жыл соңына қарай зәулім сарайлардың жобасын еркін бейнелейтін деңгейге жеттім. Болашағыма оң әсерін тигізген де осы бағдарламалар», – дейді жас сәулетші.

Қазақ архитектуралық құрылыс академиясына түскен Айбекке ұстазы дұрыс бағыт бермегенде, 5 жыл оқу тым ауыр соғар еді.

«Екінші курста оқудан шықпақ ойым болды. Бірақ Нұрлан Төреханов есімді ұстазымның арқасында ойымды өзгерттім. Оның сабақтары өте қызықты өтетін, өнеркәсіптік дизайндағы заттардың пішіні жайлы пікір алмасатынбыз. Бірақ ол дизайн факультетінің ұстазы болды. Оның дәрістеріне қатысу үшін мен өз сабағымнан қашып кететінмін», – дейді А.Алмасов.

Әлемдік атақты Айбекке «Үйде өскен ағаш» жобасы әкелді. Жер жүзінің көптеген компаниясы бұл жобаға әлі де қызығып отыр. Академияны аяқтағаннан кейін Айбек Қазақстанның қос компаниясында және Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы компанияда қызмет істеді. Қазір оның сызған жобалары бүкіл әлемде жүзеге асып жатыр. Қазір ол АҚШ-та тұрса да, туған елі үшін тұрғын үй, ресторан, тағы да көптеген ғимараттың сызбасын жасап жатыр.

«Алдымен Қазақстанның архитектурасын жаңа деңгейге көтергім келеді. Болашақта күрделі жобалармен айналыссам деймін. Ол үшін, әрине, мол тәжірибе керек», – деді ол.

   

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер