Қолданушылардың айтуынша, видео елордадағы "Тiлеп Кобыз Сарайы" көпфункционалдық кешенінің маңында түсірілген. Қолданушылардың басым бөлігі қыздардың әрекетіне сын көзбен қарады. Пікірлерінше, бойжеткендер "ұлттық киімді шетел әнімен қорлаған". Кейбір қолданушылар бұл әрекеттерін ешқашан қайталамауын сұраса, кейбірі тіпті де былапыт сөз жаза бастаған.
Алайда қыздардың бұл әрекетін қолдағандар да табылды. Айтуларынша, қыздардың әннің ырғағын сезе отырып, нақышына келтіріп билеуі мақтануға тұрарлық. "Олар не істеп қойды? Стриптиз билеп жатқан жоқ қой! Әзілге айналдырып биледі. Қыздар туралы осындай жаман сөздер жазудың не қажеті бар? Сіздер оларды білмейсіздер де ғой! Осындай ашулы болуды қашан қоямыз! Олардың жанында болсаңыздар сіздер де көңіл көтерер едіңіздер!", - деп ақтап алуға тырысты қолданушылардың бірі.
Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары қазақтың ұлттық киімімен ағылшынша рэп айтып, би билеген үш қызды сынның астына алды. Болжам бойынша, Астанада түсірілген бұл видеоны таяуда dudoser деген қолданушы жария еткен, деп жазады Baq.kz.