Қазақстан Америкадан қанша жыл артта қалды?
28.06.2017, 21:49

Қазақстан Америкадан қанша жыл артта қалды?

«Америка қалай? Қазақстан 50 жылға қалып қойған шығар?» Осы сұрақ соңғы уақытта көп қойылып жүр.
Дамудан қалғаны немесе озғаны жөнінде уақыт өлшемімен қалай дәлел келтіруге болады?
Дегенмен, осы сауалдың жауабына жақындаған сияқтымын.
АҚШ тәуелсіздігін 1776 жылы жариялаған. Біз 215 жылдан соң егемендік алыппыз.

Суреттегі аспалы көпір – Бруклин бридж. Құрылысы 1869 жылы басталып, 1883 жылы аяқталған.
Осы кезеңде Қазақстанда хандық билік жойылып, бас көтергеннің басы алынып, оның соңы 1868 жылы бүкіл қазақ жерінің Ресей империясы мемлекеттік меншігіне өтуімен аяқталады.

Келесі сурет Эмпайр Стейт Билдингтің үстінде түсірілген. 102 қабатты ғимарат 1931 жылы ашылған. Бір жыл бір айда салынған. 1970 жылға дейін әлемдегі ең биік ғимарат болған. Қазір биіктігі жөнінен 34-орында.
Ал бізде осы кезеңде халқымыздың жартысы ашаршылықтан қырылып қалды, көшіп-босып кетті.
АҚШ жер көлемі бойынша 4-орында, Қазақстан 9-орында, адам саны бойынша 3-орында, біз 64-орындамыз.
Американы екі мұхит толқынымен тербеп жатыр. Біздің мұхитқа шығар жолымыз жоқ.
«Даму» деген көбіне экономикалық категория. Сондықтан Қазақстан пәленше жылға қалып қойды деп айту қиын. Жоғарыдағы саяси, тарихи, географиялық, демографиялық жағдайларды, одан бөлек басқа да субъективті-объективті жәйіттарды ескерсек, әлемдік ішкі жалпы өнім бойынша АҚШ экономикасы бізден 8100 есе озып кетіпті.

 
 
Шыңғыс Мұқан

Дерек көзі: Baq.kz 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер