Шамамен 4 мыңға жуық адам қызметінен айырылайын деп отыр. Компания басшысы Илон Масктың айтуынша, бұл қадам шығынды азайтып, соңғы модельдегі көлік санын көбейту мақсатында жасалып отыр.
Сондай-ақ мекеменің басқару құрылымы да өзгертілмек. 2018 жылдың алғашқы үш айында Tesla-ға 710 миллион доллар көлемінде шығын келген.
The Wall Street Journal дерегі бойынша, компания осымен бесінші мәрте қомақты қаржы жоғалтып отыр.