Показать содержимое по тегу: кәрі қыз
"Әдемі, білімді. Бірақ, жалғыз. Неге?" атты жазбамның жалғасы ретінде жасы келіп, тұрмыс құрмаған қыздарға арнайы сараптамалық ой-тұжырымымды ұсынғанды жөн көріп отырмын. Ата-бабамыз ұлдарды 13-те отау иесі деп келсе, бүгінгі қоғамда қыз бала 25 жасқа дейін тұрмыс құру керек деген пікір қалыптасты. Осы жастан асып, бойдақ жүрген қыздарды халықта «кәрі қыз», «отырған қыз» деп те атайтын болған.
Қыз – қонақ. Әке-шешесінің шаңырағы - оған «қонақ үй». Қонағын Құдайындай сыйлаған қазақ сол себепті де оларды алақанында аялаған. Өрімділердің арқасында өріс кеңейді деп білген. Онысы рас. Арулар алысты жақындатады. Құйрық-бауыр жегізіп, күйеуді жүз жылдық, құданы мың жылдыққа жеткізеді. Сол әрбір үйдің шолжаң еркесі үйінен өзі құратын отауға ұзатылады, деп жазады halyk-gazeti.kz.
Мен неге жалғызбын? Бұл сөзді 23-25 жас аралығындағы бикештерден жиі естіп жатамыз. Расында да, бой десе бойы бар, ой десе ойы бар айдай сұлу арулар неге жылдар бойы жалғыз жүреді? Зәуре Дәулетова есімді әлеуметтік желі қолданушысы осы сауалға жауап іздеген екен. Көңілге қонымды дүниені оқырманмен бөліскенді жөн көрдік. Сонымен…