ЭКСПО-2017 көрмесіне билет алғыңыз келсе, Қазпоштаға барыңыз
02.11.2016, 15:45

ЭКСПО-2017 көрмесіне билет алғыңыз келсе, Қазпоштаға барыңыз

Қазпошта ЭКСПО-2017 көрмесіне билет сатады, деп хабарлайды baq.kz

 «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде биылғы жылдың 2 қарашасынан бастап Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билет сатыла бастайды, деп хабарлайды Baq.kz.

 «Бүгіннен бастап ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті Қазпоштаның 30 пошта бөлімшесінен, ал биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық автоматтандырылған бөлімшелерден сатып алуға болады. Билеттер көрменің соңғы жұмыс күні 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін сатылады», - делінген компанияның Қоғаммен байланыс департаменті таратқан ақпаратта.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Астана қаласында өтеді. 93 күн ішінде 5 миллион адам тамашалайды деп жоспарлануда, оның 85%-ын республика тұрғындары құрайды.

«Біз Қазпоштаның арқасында ең шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына да көрмеге билет сатып алу мүмкіндігін ұсына аламыз», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

Пошта бөлімшелерінің операторлары электронды билеттерді tickets.expo2017astana.com арқылы ресімдейді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер