Ақтөбеде ауыл кәсіпкерлері мен жастарға 1 миллиард теңге бөлінеді
15.10.2016, 11:57

Ақтөбеде ауыл кәсіпкерлері мен жастарға 1 миллиард теңге бөлінеді

Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры«Жастар Старт» бағдарламасы мен  «Кең дала» бағдарламасына келер жылы 1 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды bnews.kz.

Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өткен жылы «Жастар Старт» бағдарламасына 300 млн теңге, ал «Кең дала» бағдарламасына 600 миллион теңге бөлген. Келер жылы осы мақсатта 1 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін облыстық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанова айтты

«Кең дала» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары бизнес идеяларын ұсынып, өз кәсібін бастады. Қазіргі уақытта Шалқар, Мұғалжар, Хромтау, Алға ауданының тұрғындары мейрамхана, балалардың ойын-сауық орталығы мен наубайхана ашып, жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, «Жас Старт» бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласын таңдаған жастар бар. Жыл ішінде барлығы 35 адам жұмысқа орналасқан.«Қаржы екінші деңгейлі банк арқылы беріліп жатыр. Қазіргі уақытта 43 жоба мақұлданып, 400 миллион теңгеден астам ақша бөлінді. Банктер құны 370 миллион теңгеден асатын 28 жобаны тағы қарап жатыр. Жоспар бойынша биыл бөлінген қаржы толық игеріледі. Ал, келер жылы «Жас Стартқа» 300 миллион, «Кең далаға» 700 миллион теңге бөлінеді», – дейді облыстық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Анар Даржанова.

«Кәсіп бастаймын деген тұрғындар үшін кепілге қойылатын мүлік мәселесі қиын. Екінші деңгейлі банк тұрғын үйдің сапасы мен жылына, құрылыс материалдарына қарайды. Бағалау комиссиясының шешімі де маңызды. Дегенмен, ауыл халқының белсенділігі жоғары. Бізге «Кең дала» бағдарламасы бойынша 300 миллион теңге бөлініп еді. Оның 260 миллион теңгеге жуық қаржысы 22 жобаға берілді. Көбі сауда, қызмет саласын таңдайды. Ал «Жас Старт» бағдарламасын іске асыруға асығатын жастар қатары аз. Бүгінге дейін тек 1 жоба мақұлданып, 10 миллион теңге бөлінді. Тағы екі жобаға оң шешім шығып тұр», – дейді екінші деңгейлі банк директорының орынбасары Жанар Ізімбетова.

Айта кетейік, «Кең дала» бағдарламасы бойынша 8,3 пайыздық үстемеақымен 5 жылға 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ал «Жас Старт» бағдарламасы бойынша 20 миллион теңгені несиеге алуға болады.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер