Назарбаев Астана әкіміне: Енді Астанада жүзіп жүрмейміз бе?
14.10.2016, 15:40

Назарбаев Астана әкіміне: Енді Астанада жүзіп жүрмейміз бе?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Әсет Исекешев Мемлекет басшысына ағымдағы жылғы 9 ай ішінде астананың әлеуметтік-экономикалық саладағы даму қорытындылары, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауға және "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

"Таза су Есілге құйылып жатыр. Талдыкөл, Нұрсұлтан Әбіщұлы, 60 миллион шаршы метр 15 миллионға дейін қысқарды. (...) Төрт миллион тонна лай шығарылды. Нөсер канализациясы, сіздің тапсырмаңыз, солтүстік жағалау және EXPO, биыл толықтай аяқтаймыз", - деп баяндады Астана әкімі. 

"Енді жүзбейміз бе?", - деп сұрады Әсет Исекешевтен Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Жүзбейміз, солтүстік жағалауда жүзбейміз. Оң жағадауда әлі де бірнеше жобаны жүзеге асыруымыз керек", - деп жауап қатты Астана әкімі. 

Атап айтқанда, қала әкімі Қазақстан Президентіне әлеуметтік маңызды объектілер мен басқа да ғимараттардың құрылысы мен оларды пайдалануға беруге дайындық кезеңдері туралы ақпарат берді. Нұрсұлтан Назарбаев негізгі объектілерді пайдалануға берудің белгіленген мерзімін сақтау қажеттілігін, сондай-ақ құрылыс сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындылары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.   

   

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер