Канадалық лотереядан 47 млн АҚШ долларын ұтып алды
24.12.2017, 18:36

Канадалық лотереядан 47 млн АҚШ долларын ұтып алды

Квебек провинциясының тұрғыны Lotto Max ұлттық лотереясынан 60 млн канада долларын ($47 млн) ұтып алды. Бұл туралы Канадада осындай он шақты ұтыс ойынын өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзірге ұтыс иегерінің аты-жөні белгісіз. Канада ұтыс ойындарының ережесіне сәйкес, жолы болған адам сыйақыны алу үшін ұйымдастырушыларға билетін көрсетуі тиіс әрі оның есімі көпшілікке жария етіледі. Рождество мерекесіне орай өткізілген (Канада Рождествоны 25 желтоқсанда атап өтеді) лотереяда канадалық миллион доллар көлемінде ($780 мың) 32 ынталандыру сыйақысы болған.

«Қазір 16 ұтыстың иегері анықталды», – деп мәлім етті ұйымдастырушылар.

Канадада 64 млн канада доллары болатын (сол кездегі бағамы $49,5 млн) ең ірі джекпот 2015 жылдың қазан айында ойналған еді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер