Қаржылық алаяқтардың құрбаны болмауға көмектесетін ең маңызды 7 кеңес
08.02.2022, 14:07

Қаржылық алаяқтардың құрбаны болмауға көмектесетін ең маңызды 7 кеңес

Бүгінгі таңда несие – кез-келген қаржылық мәселені шешудің ең белгілі және кең тараған амалы. Нәтижесінде, несие беру нарығында сіздің ақшаңызға алдау арқылы қол жеткізгісі келетін әртүрлі алаяқтық жүйелер пайда болды.

«Хоум Кредит Банкі» Қазақстанның ЕДБ (екінші деңгейлі банктар) арасында қаржылық сауаттылықты дамытуда көшбасшысы бола отырып, біздің редакцияның өтініші бойынша қаржылық айлакерлердің уысына түсіп қалмауға көмектесетін кеңестермен бөлісті.

1. Ғаламторға жеке басыңыз туралы мәліметтерді (ЖСН, карта нөмірі және т.б.) салмаңыз. Сіз туралы аз ғана мәліметтердің өзін алаяқтар арам пиғылдарына пайдаланып кетулері мүмкін.

2. Жеке куәлігіңізді жоғалтып алған жағдайда бұл туралы тез арада өкілетті орындарға хабар беріңіз. Мұндай маңызды құжаттың қандай адамның қолына түсіп қаларын білмейсіз.

3. Несие тарихыңызды жиі тексеріп тұрыңыз. Бұл сізге жағдайға қанық болып отыруға көмектеседі. 

4. Сенімсіз сайттарда несие алуға өтінім бермеңіз. Мұндай әрекеттерді тек қана банктердің ресми сайттарында атқару керек. 

5. Несие рәсімдегені үшін сыйақы бермеңіз. Несие бойынша шешімді банктың автоматтандырылған жүйесі қабылдайды. Бөтен адамдар немесе банк қызметкерлері бұл үрдіске ешқандай әсер ете алмайды.

6. Өз атыңыздан басқа адамдарға (достарыңызға, туыстарыңызға, таныстарыңызға және т.б.) ешқашан несие рәсімдемеңіз. Есіңізде болсын, несие бойынша жауапкершілік үшінші тұлғаға жүктелмейді және егер сіз өз атыңыздан несие рәсімдеп берген адам оны «жаба» алмаса, онда несие берушілердің алдында өзіңіз ғана жауап бересіз.

7. Несиеңіз бойынша төлемді толық жауып беруді немесе ішінара азайтып беруді ұсынған ұйымдарға сенбеңіз. Несиені жабу бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқаны үшін сот жауапкершілігі қарастырылған.

Дереккөз: http://bilim-all.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер