ЭКСПО-2017: Біз Германиядан инвестиция тартуға мүдделіміз
11.07.2017, 14:26

ЭКСПО-2017: Біз Германиядан инвестиция тартуға мүдделіміз

ЭКСПО-2017 шарасы қарқын алуда. Айтулы шарамен қоса қабат оған қатысушы мемлекет тараптарымен өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізілуде. Сондай елдердің бірі - Германия тарабы. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 2005 жылдан бері Германиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция ағыны шамамен 4 млрд. ақш долларын құрап отыр екен.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінде осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен құрылыс, сауда, өнеркәсіп өндірісі, кен орындарын игеру сияқты салаларда 900 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ал, энергетика, химиялық сала және туризм перспективалы бағыттар болып табылады».

Жалпы, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германияның тауар айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларын құраған. 2005 жылдан 2017 жылдың 1-ші тоқсаны кезеңінде Германиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция ағыны шамамен 4 млрд. АҚШ долларын құрады.

«Германиялық компаниялар елдіміздің индустриялық дамуына белсенді атсалысып, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Біз ел экономикасына Германиядан инвестиция тартуға мүдделіміз және министрлік бірлескен жобаларды жүзеге асыруда барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, іскерлік кеңес отырысында ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойылды. Олардың қатарында ҚР ИДМ мен немістің DENA энергетикалық агенттігімен энергия тиімділік және энергетикалық инфрақұрылым және өнеркәсіптік жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы, «Германия машинажасау Одағы» мен «Қазақстанның машинажасау Одағы» ЗТҰ арасында машина жасау саласы бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы меморандум, ҚР ИДМ мен «Asadel International» компаниясы арасындағы OBI құрылыс нарығы желісін дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум, ҚР ИДМ мен «Heidelbergcement Kazakhstan» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Linde Group арасындағы инвестициялық қызметті қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім,  «Казгеология» АҚ мен  «ULMUS Kazakhstan» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы келісім, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен TUM International арасындағы Астанада неміс технологиялық және кластерлік орталығын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум, «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ мен Fraunhofer институты арасында Industry 4.0. бойынша ынтымақтастық туралы меморандум бар.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер