1968-жылы экономика мәселесі бойынша кеңесші Ли Куан Ю, голландық Альберт Винсемиус сол кезде Лондонда жүрген «Bank of America»-ның Сингапурдегі бөлімшесінің вице-президенті ван Оненге хабарласты. Винсемуттың «Біз келесі он жыл шамасында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы орталығы болғымыз келеді» деген өтінішіне ол «Жарайды, Лондонға келіңіз. Бұл мақсатқа 5 жылда жетулеріңіз мүмкін» деген жауап алды.
Лондонда меймандарды отырыс залындағы үлкен глобусқа ертіп барды. «Қараңыздар: қаржы күні Цюрихте басталады. Цюрих банктері таңғы 9:00-де ашылады. Сәлден кейін Франкфурттегі банктер ашылады. Содан кейін Лондондағы банктер ашылады. Түскі астан кейін Цюрихтегі банктер жабылады, содан кейін Франкфурт пен Лондондағы банктер жабылады. Ал бұл кезде Нью-Йорктегі банктер ашық болады. Осылайша Лондон Нью-Йоркке қаржы ағынын жібереді.
Ал түскі астан кейін Нью-Йорктегі банктер жабылады да, олар қаржы ағынын Сан-Францискоға ауыстырады. Ал Сан-Францискодағы банктер жабылған кезде швейцария уақыты бойынша Швейцария банктері ашылатын таңғы 9:00-ге дейін қаржы әлемінде ешнәрсе болмайды. Егер біз Сингапурды ортасына орналастырсақ, онда Сан-Францискодағы банктер жабылғанға дейін Сингапур олардан эстафетаны ала алады. Ал Сингапурдегі банктер жабылған кезде, олар қаржы ағынын Цюрихке аудара алады. Осылайша, тарихта тұңғыш рет жаһандық тәуліктік банк қызметі қол жетімді болады».
Ақша айналымы саласында маңызды буын болған Сингапур Ли Куан Юдің басшылығымен шетелдік капиталдарды салық жеңілдіктерімен, ал жоғары технологиялық компанияларды 10 жылға салықтан босатумен өздеріне тартты.
Сонымен қатар, премьер-министр ерекше әдісті қолданды: «Адамдарды біздің экономикаға салым салуға көндірудің ең жақсы амалы - әуежайдан қонақ үйге дейінгі және қонақ үйден менің кеңсеме дейінгі жолдарды тап-таза, сәнді етіп, ағаштармен және бұталармен көмкеру болды. Орталық ауданға келген кезде олар қаланың қақ ортасындағы әсем шалғындар мен бұталардың жасыл оазисін, ал олардың ортасында – гольф ойынына арналған алаңды көрді. Олар сингапурлықтардың қандай білікті, тәртіпті және сенімді адамдар екенін айтқызбай-ақ ұқты».
«Өзіңіздің үш досыңызды түрмеге отырғызудан бастаңыздар»Ақшаның келуімен Ли Куан Юдің алдында жемқорлықпен күрес тапсырмасы тұрды. «Сингапурдың ешқандай табиғи байлығы жоқ. Сондықтан оның байлығы кірістердің ашықтығы болады». Заңның үстемдік құруы үшін премьер-министр жемқорлықпен ұсталған жақын досын түрмеге отырғызды. Ал 315 мың доллар парамен ұсталған әлеуметтік даму министрі Ли Куан Юмен сөйлескеннен кейін, өз-өзіне қол салды.
Премьер-министр лауазымды тұлғалардың еңбекақысы табыс салығының көлеміне қатысты есептелетін жүйені енгізді: «Біз ең көп еңбекақы алатын адамдардың 10% кірісіне қарай бағыт аламыз. Егер біздің шенеуніктер ең жоғарғы еңбекақы алатын дәрежеге көтеріле алмаса, олардың үкіметке не керегі бар?». Жыл сайын Сингапурдегі лауазымды тұлғалардың еңбекақылары дамумен және құлдыраумен қатар көтеріліп немесе төмендеп отырады.
Коммунистік идеялар Сингапурде жаңадан жанданып келе жатқан нарықтық қатынастар үшін қатерлі болғандықтан, Ли Куан Юдің ұсынысымен елде коммунистік партияға тиым салынып, сингапур парламентінде тек бір ғана оппозициялық депутат қалды. Сингапур тұрғындарына саясаттың орнына кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік берілді. Дегенмен, сайлау бюллетендерінде «халық дұрыс дауыс беру үшін» дауыс берушілердің төлқұжаттағы мәліметтері көрсетілді.
«Мен демократияны – барлық ел үшін басқарудың ең жақсы үлгісі және бүкіл әлемге кеңінен тарайды деп есептемеймін. Егер ол шынымен де солай болса, батыс елдері неліктен оны бәріне күшпен енгізгісі келеді? Егер либералды демократия соншалықты мінсіз болса, онда ол жоспарлы экономикадан айтарлықтай басымдыққа ие болған нарықтық экономика сияқты онсызда әлемде үстемдік құрып, барлық елге тарайтын болады.
Демократияға қатысты америкалықпен көп рет пікір таластырғанмын. Олар «Сингапур үкіметі неліктен өзгермейді?» деп сұрайды. Мен болсам, «Мен барлық сайлауда жеңіске жетемін. Адамдар егер оппозицияға дауыс берсе, әл-ауқаттары қазіргіден төмендеп кететінін біледі. Мен нәтижеге қол жеткіздім: оларға адал үкімет құрып бердім, алға қарай дамыттым, жыл сайын балалардың білім алуының, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырып отырамын. Мәдениеттің деңгейін жоғарлатып, өнерге көмектесеміз. Онда неліктен өзгеруіміз керек?» деп жауап беремін. Олар болса сендер демократия болған кезде ғана өзгеруге тиіссіңдер дейді. Ал мен «Америкада солай-ақ бола берсін. Ал бізді жайымызға қалдырыңдар» деймін».
«Ағылшындардың «заң мен тәртіп» деген сөзін естіп пе едіңіздер? Тәртіп болмаса, заң жұмыс істемейді»ХХ ғасырдың басында Сингапур айлақты қаласының әр бұрышында Ли Куан Юдің әкесі тапқан ақшасын ұтқызатын ойын қордалары болған. Ол бір күні тіпті отбасылық каучук плантациясын ұтқызып жіберді. Әкесінің тағдырын қайталағысы келмеген премьер-министр елде құмар ойындарға тиым салды. Сондай-ақ, үкіметті сынауға да қатаң тиым салынды. Болып жатқан жағдайды сынға алған тілшілер мен баспаларды қамауға алды немесе жауып тастады.
Қаланың көрінісіне және тазалығына қатты көңіл бөлінді. Бір күні Сингапурге келген америкалық жасөспірім үйлердің бірінің қабырғаларына граффиттерді салғаны үшін сол арада тұтқындалып, өкшесіне он рет таяқпен дүре соғылып, дереу елден шығарылды. Аяғымен емес, зембілмен.
Ли Куан Ю 60-жылдары бастаған көшеде түкіруге қарсы науқанымен де әйгілі. Билік мектеп және БАҚ арқылы түкіру туберкулездың таралуына жол ашады деген ақпарат таратты. Түкіргені үшін салынатын 500 доллар айыппұл жүйесі де «мәдениетті мінез-құлыққа» мотивация болды. Көшеге қоқыс тастау да, гүлдерді суару кезінде масалардың қаптауына себеп болатын, құмыраның астындағы ыдысқа су қалдыру да айыппұлмен жазаланды. Ал унитаздағы суды ағызуды ұмытып кетсеңіз, одан азырақ – 180 доллар беріп құтыласыз.
«Біз өз кәсіпкерлерімізді өсірдік»Елдің табысты дамуының кепілі деп Сингапур премьер-министрі білім берудің тиімді жүйесін айтты. Үкімет жыл сайын ең үздік сингапурлық студенттердің әлемнің ең үздік университеттерінде білім алуы үшін үлкен соммалар бөліп отырды.
«Біз іскерлік тәжірибесі мүлдем болмаса да, өзіміздің жастарға, олардың адалдықтарына, ақылдарына, күш-қуаттарына сендік. Әрбір мектеп түлектердің арасынан ең үздіктерін таңдап алып, Ұлыбританияның, Канаданың, Австралияның, Жаңа Зеландияның, Германияның, Францияның, Италияның, Жапонияның ең үздік университеттеріне оқуға жібердік. Кейін қаражатымыз болған кезде – АҚШ-қа да жібердік.
Біз ол жастардан «Нептун Ориент Лайнз», «Сингапур Эйрлайнз» сияқты табысты компанияларды құру үшін өзіміздің кәсіпкерлерді өсірдік. Мен бұл кәсіпорындар көптеген тәуелсіз жас мемлекеттердегі сияқты шығынды, субсидияланатын, мемлекет меншігіне өтетін бірлестікке айналатын шығар деп қорықтым.
Бұл компаниялар табысты болған кезде, біз мемлекеттік монополияларды министрлік бақылауынан тәуелсіз жеке компанияларға айналдырдық. Олар жеке, тиімді, бәсекеге қабілетті және пайда түсіретін кәсіпорын ретінде басқарылды».
«Үкімет білім беруге өте көп қаражат бөледі. Есесіне, аралдың әл-ауқатын қамтамасыз ететін ұрпақ алғылары келетіні әділдік»Сингапур универистеті түлектерінің жартысы әйел адамдар. 1983-жылы әйелі де күйеуі де жоғары білімді ерлі-зайыптылар үлесі тек 30% болған. Ер адамдар өздерінен білімі төмен әйелді жар етіп алуды дұрыс санаған. Бұған Ли Куан Ю, егер ер азаматтар балаларының өмірде табысты болғанын қаласа, онда білімі төмен әйелді алуы ақымақтық деп жауап берді.
Бұл мәселені шешу үшін үкімет жас жігітке жар таңдап, кездесуге жағдай жасауы үшін психологтарды, социологтарды және дәрігерлерді тартқан «Әлеуметтік даму агенттігін» құрды. Агенттік жанында кинотеатрлар желісі, кафе, бассейндер және би кештері жұмыс істеді. Ал неке қиған жас жұбайларға ипотека алуға жағдай жасады. Ал білімі жоқ әйел адамдарға үй мәселесін шешіп беру арқылы ұрықсыздандыруды ұсынды. Екінші баладан кейін ерікті түрде ұрықсыздануға келісім беру ақшалай сыйақымен ынталандырылды.
Мақала Ли Куан Юдің «Сингапур тарихы. 1965-2000 жылдар. Үшінші әлемнен -- бірінші әлемге» кітабының негізінде жазылды»
Дереккөз: bilim-all.kz