Бақытжан Сағынтаев туристік саланы дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді
27.06.2017, 20:40

Бақытжан Сағынтаев туристік саланы дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Дүниежүзілік туристік ұйымның ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстанның туристік саласын одан әрі дамыту бойынша шараларды қабылдауды тапсырды. Бұл туралы primeminister.kz порталына сілтеме жасай отырып silteme.kz хабарлайды.

Үкімет туристерге Қазақстанға келуге жағдайларды барынша жеңілдету үшін визалық-көші-қон саясатын ырықтандыру мен әуе қатынастарын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда елге визасыз кіре алатын елдердің тізімі 63 мемлекетке дейін ұлғайтылды, ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим және Астана әуежайында «ашық аспан» режимі қолданыста. Сондай-ақ, көші-қон полициясында шетелдіктерді тіркеу, электронды визаларды енгізу, әуе қатынастарын әртараптандыру мәселелерін шешу қажет.   

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, ҚР МСМ отандық туристік өнімдер маркетингінің тиімді моделін әзірлеуде, сонымен қатар бұл жеке брендті құру мен еліміздің туристік әлеуетін халықаралық аренада ілгерілету арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Үкімет мәселелерді қарау қорытындысы бойынша туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдады.

Айта кетейік, мысалы, Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Т. Рифаи Үкімет отырысы барысында Қазақстанның туристік саласын дамыту бойынша ұсынымдар берді. Оның айтуынша, Қазақстанда туристік саласы дамыған елге айналуға жақсы әлеует бар. Ол үшін виза саясатын жетілдіруді, туристік саладағы заңнаманы ырықтандыруды жалғастыру және елдік брендті ілгерілету шараларын қолдану қажет.

Тағы бір атап өтерлік жайт, өңірлерде туризмді дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысы және Алматы қаласының әкімдері Д. Ахметов, Ж. Түймебаев, Қ. Көшербаев және Б. Байбек баяндама жасады.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер