Қазақстан мен Әзірбайжан халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қойды
04.04.2017, 09:55

Қазақстан мен Әзірбайжан халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қойды

Әзербайжан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа Әзірбайжанның Экономика министрі Шахин Мустафаев пен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қол қойды.

Келісім Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы  арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жүктердің тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ осындай тасымалдарды орындауға жоғарыда аталған мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушылар жүзеге асырады.

Келісімнің мақсаты – екі ел арасындағы халықаралық автомобиль қатынасын дамыту және өзара тиімді тасымал нарығын қалыптастыру. Сондай-ақ, транзиттік тасымалдарға және үшінші елдерге немесе елдерден тасымалға рұқсат жүйесін енгізу көзделген. Қол қойылған құжат ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін береді және екі ел арасында автокөлікпен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Келісім күшіне енгеннен кейін екі жақтың тасымалдаушылары қазақстан – әзербайжан автотасымалдау нарығын белсенді түрде игере бастайды. Ал, оның тиісті ережелерін қолдану тараптар үшін пайдалы болмақ.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер