Астанада 1999 жылға дейін салынған апатты үйлер сүріледі
20.01.2017, 11:51

Астанада 1999 жылға дейін салынған апатты үйлер сүріледі

Астана қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасы 1950-1999 жылы салынған техникалық тексеруді талап ететін үйлердің тізімін жасады, деп хабарлайды baq.kz.

 Бұл санатқа кірген нысандар саны 1 416 (жалпы ауданы 3 млн 120 мың шаршы метр). Бұл туралы елордалық тұрғын үй инспекциясы жетекшісі Әлихан Қуатбеков мәлімдеді.

 Оның айтуынша, қазіргі таңда 537 үйге тексеру жүргізіліп, олардың 372-сі апатты жағдайда деп танылды. Алғашқы 228 нысан жыл соңына дейін сүріледі. Қалған 144 үй 2017-2020 жылдар аралығында сүрілмек.

Айта кету керек, елордалық билік аталған шараны атқаруда қаржыландырудың жетіспеуінен кейінге шегеріп келеді. Сонымен қатар, әкімдіктің апатты деп шешкен үйлерін сүруге тұрғындар да келіспеушіліктерін білдіруде.

Алдағы уақытта елордада аудан әкімдіктерінің есеп беру кездесулері өткізіліп, мәселе талқыға салынады. Апатты үйлердің тізімін мына сілтемеден көруге болады

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер