Тау – кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің VII съезінде стратегиялық мәселелер талқыланды
18.11.2016, 15:18

Тау – кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің VII съезінде стратегиялық мәселелер талқыланды

Бүгін Астанада «Жаңа талаптар жағдайындағы ТМК жұмысы» атты тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің VII съезі өтті. Съезді Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазкәсіпметалл» салалық тау-кен металлургия кәсіби одағы, «КәсіпҚазақмыс» тау-кен өндіруші, металлургия өнеркәсібі және жанама өндірістерінің салалық кәсіптік одағы, ҚР көмір өнеркәсібі жұмыскерлерінің кәсіподағы ұйымдастырды.

Съезд аясында Кәсіподақ, ТМКҚ мен ҚР ИДМ арасындағы Салалық келісімнің мерзімін 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы қосымша келісімге қол қойылды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек саланы дамытуда үшжақты Салалық келісім негізінде (ҚР ИДМ – ТМКҚ - Кәсіподақ) реттелетін жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарының маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Салалық келісім аясында ҚР заңнамасында жазылмаған тараптардың өзара міндеттері мен жауапкершілігі, қызметкер үшін қосымша әлеуметтік және еңбек кепілі қарастырылған. Ауыр еңбекке, зиянды жұмысқа тартылған және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбегін өтеудің минималды стандарттарын есептеу үшін салалық коэффицентінің оптималды өсім мөлшері белгіленді»,-деді министр.    

Кәсіпорын ұжымдары мен басшыларының қажырлы еңбегінің, сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында сала биылғы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтайды.  Биыл қаңтар-қазан аралығында металл рудаларын өндіру көлемі - 104,4%, металлургия өнеркәсібі өнімдерін өндіру - 107% құрады.

Съезд саланың негізгі проблемалары талқыланатын және мемлекет, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің бірлестіктері атынан әлеуметтік әріптестік диалогы негізінде дамудың стратегиялық бағыттары әзірленетін маңызды алаң болып табылады.

«Биыл съезд толығымен тау-кен металлургия кешенінің жаңа экономикалық жағдайдағы жұмысы мәселелеріне арналады. Біз «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің жобасын, салық салу жүйесін жетілдіру, әкімшілік жүктемесін төмендету, әлеуметтік әріптестікті дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, табиғатты қорғау заңнамасын жақсарту, ТМК саласын жаңғыртудың инвестициялық перспективалары мәселелерін талқыладық», - деді ТМКҚ атқарушы директоры Николай Радостовец.   

Съезд жұмысына үш жүзге тарта делегат қатысты, олардың ішінде отандық тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының, ТМК және көмір өнеркәсібі жұмыскерлері бірлестіктерінің, мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, кеншілер, шахтерлер мен металлургтер бар.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер