Саранск шахтасында қайтыс болған кеншілердің отбасыларына өтемақы беріледі – Ж. Қасымбек
17.11.2016, 17:13

Саранск шахтасында қайтыс болған кеншілердің отбасыларына өтемақы беріледі – Ж. Қасымбек

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысы Саранск шаxтасында қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақының берілетінін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде аталған төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиға орнында жұмыс жүргізілуде. «Күні кеше біз Қарағандыда комиссияның кеңесін өткіздік. Тергеу амалдарына он күн берілді. Меніңше, келесі сенбіге дейін біз апаттың нақты себебін айта аламыз. Әрине, алдын ала болжам бар. Дегенмен, бізге нақты мәлімет керек», - деді Ж.Қасымбек. Оның айтуынша, Саран шаxтасында қайтыс болғандардың отбасыларына бір жылдық жалақының он еселенген көлемінде өтемақы беріледі. Оны жұмыс беруші өтейді. Айта кетейік, өткен аптада «АрселоМиттал Теміртау» компаниясына қарасты Саранск шаxтасында төтенше жағдай болды. Адамдарды тасуға арналған монорельсті арбалардың бірі ажырап, төмен қарай құлдилап кеткен. Арбада жөндеуші бригада болған. Үш кенші оқиға орнында метр болса, тағы біреуі жансақтау бөліміне түскен. Алайда, артынан ол да көз жұмды. Қазір бірнеше адам ауруxанада жатыр. 
Әзірге Үкімет тарапынан шешімін тапқан жайттар осы. Арнайы комиссия шешімі қосымша хабарланбақ.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер