«Осыған байланысты, салалық мемлекеттік органдармен, облыстық әкімдіктермен және ұлттық компаниялармен бірлесіп, үш айдың ішінде таңдаулы жобалар тізімін әзірлеуді ұсынамыз. Және 2017 жылдың бірінші жартысына дейін оларды халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтау керек»-деп атап өтті министр.
Халықаралық стандарттарға сәйкес, таңдаулы инвестициялық жобалар тізіміне салалар мен аймақтар бойынша ірі 50-60 және орташа 150-200 жобаны енгізу ұсынылған. Мемлекеттік органдар, облыс әкімдіктері және ұлттық компаниялар әрбір жоба бойынша маркетингтік талдаулар мен бизнес-жоспарлар әзірлейді.
«Біз бұл жұмысты Маккензи компаниясымен бірге бастап кеттік және жыл соңына дейін, әзірге 4 сала бойынша жан-жақты инвестициялық ұсыныс әзірленеді. Бұл – химия өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және сауда»-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Министрлік тарапынан жасалып отырған мұндай ұсыныстар ел экономикасына, бизнес саласына тың серпін беріп, оның қарқынды дамуына оң ықпал етуі тиіс.