Министр Жеңіс Қасымбек атап өткендей, біздің елдер бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Қытай біз үшін стратегиялық серіктес болып табылады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру мәселесінде толық қолдау көрсетуге дайын.
Екіжақты кездесу аясында China Telecom Global Limited пен «Транстелеком» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. «ChinaTelecommunicationsCorp. Ltd.» төрағасы Янь Джидің айтуынша, аталмыш келісім қазақстандық тараппен тығыз өзара ынтымақтастық орнатуға және телекоммуникация саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қытайдың «ChinaTelecommunicationsCorporation» мемлекеттік телекоммуникациялық компаниясы 2002 жылы құрылған. Бұл компания Қытайда ірі телефон байланысының операторы және ұялы байланыс операторлары арасында ірілігі жағынан үшінші компания болып табылады.
Компания 216 миллион абонентке сым телефоны мен мобильді байланыс қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, 38 миллион абонентті кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етеді. Яғни, Қытайдың 62% (46 Гб/с) жуық интернет арнасын қамтиды. China Telecom Шанхай, Гуанчжоу, Шэньчжэнь, Наньнин, Ханчжоу, Чэнду, Далянь, Куньмин, Ухань, Чунцин және Сиань сияқты Қытайдың 250 ірі қаласын қосқанда ресторандар мен көлік тораптарында және қонақ үйлерде қосылатын 30 мыңға жуық нүктеге қолжетімді болатын ең үлкен сымсыз WiFi желісіне иелік етеді.
2015 жылғы кірісі 52,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Компания G2000 рейтінгінде 124 орында тұр.