«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Алматыда халықаралық авиациялық хаб құру бойынша жұмыстар жүруде. Осы жұмыстар шеңберінде жаңа әуежай құрылысы арқылы әлеуетті инвесторларды тарту көзделуде.
Сондай-ақ, Ұлт жоспарының 73-қадамын орындау шеңберінде астананың халықаралық қаржы орталықтарымен байланысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Астанадан 5 халықаралық қаржы орталығына тікелей ұшу орындалады (Франкфурт, Лондон, Дубай, Гонконг, Сеул). Сондай-ақ, Вена, Париж, Абу-Даби, Пекин, Стамбул, Үрімші, Бангкок, Шарджа, Минск, Мәскеу, Баку, Ташкент, Киев, Бішкек, Тбилиси және т.б. қалаларға тікелей рейстер жүзеге асырылады. 2017-2020 жылдары Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йоркпен әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр.