Оның айтуынша, 260 қызмет көрсету нысанының 91-і қажетті қызмет түрлерінің барлығын көрсете алатын А-Б санаттарына сәйкес келетін болады. Қалған нысандар автотұрақ, тамақтану бекеті мен бөлшек сауда орындары қарастырылған С санатына сәйкес келетіріледі.
«Бүгінгі таңда республикада 80 % Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін елдімекендерге жақын жерлерде орналасқан 2,5 мың қызмет көрсету нысандары жұмыс істеп тұр. Жергілікті атқарушы билікпен олардың (А В С D) санаттарының талаптарына сай келуін тексеріп, инвентаризация жүргіземіз»,-деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар, министрлік жол бойындағы қызмет көрсету нысан иелерінің нысанды Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендіру үшін мынаны ұсынады:
- Бизнестің жол картасы 2020 аясында жеңілдетілген несие қарастыруды;
- жергілікті атқарушы органдардың инженерлік коммуникация жүйелерін тартуды өздеріне алуларын (электр, су және кәріз жүйелерін).