Қазақстан – Бразилия байланысы бекемдене түсті
18.10.2016, 18:49

Қазақстан – Бразилия байланысы бекемдене түсті

2016 жылғы 18-21 қазанда   Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресінің шеңберінде  «Қазгеология» АҚ басқармасының Төрағасы Ғалым Нұржанов  тау-кен-металлургия саласының әлемдегі аса ірі корпорациялары «Vale», «Anglo-American» және «NMDC» сияқты компанияларымен екі жақты іскерлік кездесулер өткізеді. 

 

 

Кездесуге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов, Қазақстанның  Бразилиядағы Елшісі  Қайрат Саржанов, «Anglo-American» компаниясының президенті Рубен Фернандес, «Vale» компаниясының геологиялық барлау  жөніндегі атқарушы директоры Эдмонд Рибейра және  Үндістан мемлекеттік тау-кен компаниясы «NMDC-тың»  атқарушы директоры Арун К. Шукла қатысты. 

 

 

Кездесуде тараптар геология саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың әртүрлі қырларын талқылады. Компания басшысы Ғалым Нұржанов  әріптестеріне «Қазгеология» АҚ-тың қызметі және оның Қазақстанда шетелдіктермен бірлесіп ірі жобаларды іске асырудағы оң тәжірибесі туралы айтты.
Өз кезегінде іскер әріптестер компаниялар үшін бірлескен қызмет перспективасы өзара тиімді мүдде екенін атап өтті.

«Vale» және  «Anglo-American» компаниялары Қазақстанда жобаларды іске асырудың ықтимал нұсқаларын қарауға  әзір екенін білдірді.
«NMDC» компаниясы Қазақстан аумағында түсті металдарды геологиялық барлауға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық перспективаларын неғұрлым жан-жақты талқылау үшін екі тараптан жұмыс тобын құру және геологтардың Қазақстанға келуі туралы уағдаласты, оның шеңберінде бірлескен келісімдер жасалатын болады.

Анықтама:

«Vale» компаниясы шикізатты қайта өңдеу бойынша әлемдегі екінші тау-кен өндіру компаниясы. Сондай-ақ темір кенін аса ірі өндіруші және никель өндіру көлемі бойынша екінші орында. 2016 жылы әлемдегі аса ірі  жария компаниялардың тізімінде «Vale» компаниясы 559-орынды иеленді, оның ішінде активтері бойынша 308-ші орында, ал айналымы бойынша 337-ші орында және нарықтағы капиталы бойынша 410-шы орында.

«Anglo-American» компаниясы әлемдегі аса ірі екінші тау-кен өндіру компанияларының бестігіне кіреді. Компанияның дүниежүзінде өкілдіктері бар, мыс, никель, мырыш, алюминий, платина,  алтын өндірумен және өңдеумен, сондай-ақ көмір, өнеркәсіптік минералдар және алмас өндірумен айналысады. Компанияның 2015 жылғы пайдасы 904 млн. АҚШ долларын құрады.   

«NMDC» компаниясы Үндістандағы аса ірі темір кенін өндіруші. Қазіргі уақытта,  30 миллион тоннаға жуық темір кенін өндіреді. Компанияның нарықтағы капиталы 2015 жылы 5,6 млрд.  АҚШ долларын құрады және компанияның пайдасы 2 млрд.  жуық АҚШ долларын құрады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер