Қазақстан Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша тасымал көлемі көбейді
01.11.2016, 19:18

Қазақстан Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша тасымал көлемі көбейді

2016 жылдың 9 айында Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша 66 мың контейнер тасымалданды, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңінде тасымалданған жүктің көлемінен 2 есе артық. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты.

«Соңғы жылдары жаһандық транзит үшін бәсекелестіктегі әлемдік тәжірибе жүктердің контейнерлермен тасымалдануына ауысуы бойынша оң үрдісті және жалпы контейнерлік тасымалдың дамуын көрсетеді. Осы тұрғыда Қазақстанмен қабылданатын контейнерлік жүктердің көлемін ұлғайту бойынша шаралар оң динамикаға қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2020 жылға қарай біз осы көрсеткішті жиырма фунттық баламадағы 800 мың контейнерге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз»,-деді министр.

Бұған қоса, контейнер ағынын ұлғайту теміржол магистралінің өткізу қабілетін ұлғайтуды және инфрақұрылымның тар жерлерін алып тастауды талап етеді.
Қазір Қазақстанда жалпы ұзақтығы 111 км құрайтын Алматы-Шу учаскесіндегі екінші жол салынуда және биыл желтоқсан айында Индустрияландыру күнін өткізу барысында өзіне 52 км екінші жолды қосатын бірінші іске қосу кешенін ашу көзделген.

«Бұған ұзақтығы 14 км құрайтын «Боржақты-Ерсай» теміржол желісімен біріктірілген Құрық кентіндегі салынып жатқан паромдық кешен ықпал ететін болады. Паромдық кешеннің бірінші кезеңін де биыл желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр»,-деп атап өтті Ж.Қасымбек.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер