Іздеу-барлау жұмыстары елді мекендерді жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Бекітілген жерасты су қорлары елді мекендердің сумен жабдықтау жүйесін салу үшін негіз болады.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасының іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу бөлігінде 2015 ж. дейін қосалқы орындаушы болған.
2002-2010 жж. арналған «Таза су» бағдарламасы аясында іздеу-барлау жұмыстары 576 ауылға жүргізіліп, тәулігіне 0,12 млн. м3 көлемінде қор бекітілген болатын.
2012-2015 жж. 1301 ауылға іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, алғаш рет 0,6 млн. м3 қор бекітіліп, мемлекеттік балансқа қойылды және 105 кен орнының пайдалану мерзімі өтіп кетуіне байланысты қорлары тәулігіне 2,7 млн. м3 көлемде қайта бекітілді. Бөлінген 25,1 млрд. теңге толық көлемде игерілді.
Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу кезінде 1877 елді мекен жерасты су қорларымен қамтамасыз етілді, 105 кен орнының қорлары қайта бекітілді. Жаңа жобалар бойынша 2017 жылы аяқталатын 12 кен орны және 330 ауыл үшін жұмыстар басталды.
Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу функциясы 2015 жылдан бастап облыс әкімдіктеріне берілді, ал министрлікке осы жұмыстарды облыстарға арнаулы ағымдық трансферттер бойынша қаржыландыру бекітілген. Келесі жылдан бастап осы жұмыстарды жүргізуге арналған қаражат жалпы трансферт ретінде тікелей жергілікті атқарушы органдарға бағытталатын болады.