Заң жобасының мақсаты өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ, инновацияны тиімді енгізуді қолдау және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту.
«Дамыған елдер тәжірибесі негізінде заң жобасына Ұлттық стандарттау органы енгізілді, ол стандарттау бойынша барлық үдерістерді үйлестіреді. Ол барлық мүдделі тараптарды (мемлекет-бизнес-тұтынушылар) есепке алып, консенсус негізінде стандарттар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді. Бұның нәтижесі бәсекелестік орта қалыптастырып, ішкі және сыртқы нарықта сенім тудыратын стандарттар болуы керек»-деді министр Ж.Қасымбек.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ҚР 6 кодексі мен ҚР 43 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуден тұрады. Ол өлшемдер бақылауын қамтамасыз етуді халықаралық модельге сәйкестендіруді көздейді. Бірінші кезекте салыстырып тексерудің орнына эталондарды калибрлеу енгізіледі. Бизнестің қосалқы шығындарын болдырмау үшін (құралдарды салыстырып тексеру және калибрлеу талап етілетін жағдайда) салыстырып тексеруді калибрлеу нәтижелері бойынша рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге сәйкес, адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, әділ сауданы қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше маңызды қызмет салаларын қалдырып, мемлекеттік метрологиялық бақылау саласын 11-ден 6 позицияға дейін қысқарту қарастырылған.
«Заң жобасын қабылдау арқылы ұлттық стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін халықаралық модельмен үйлестіру, консенсустық ұлттық стандарттар қабылдау, өнім, жұмыс және қызметтер сапасын дамыту мен инвестициялар тарту үшін жағдай жасау және инновациялар енгізу мен технологиялар трансфертін ынталандыру сияқты нәтижелерге қол жеткіземіз»,-деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.