ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған Үкімет отырысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша жасалып жатқан жұмыстар барысына тоқталды. Министр келтірген мәліметке сай:
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша (Жалпы ұзақтығы - 2 787 шақырым, оның ішінде жөндеуді қажет ететіні - 2 452 шақырым, асфальт, цемент бетонды жабын төсеу категориясына сәйкес, I категория бойынша – 1 391 шақырым, II-категория бойынша - 1 061 шақырым. Жобаның жалпы құны – 825 млрд.теңге. Қаржыландыру көздері: МБРР, ЕБРР, АБР, ИБР, ЯАМС займдары және Республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру).
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстың басынан бастап 2 028 шақырымы аяқталды. Шымкент қаласынан Ресей шекарасына дейінгі (Орынборға) және Тараз-Алматы учаскелеріндегі жол пайдалануға берілді.
2016 жылдың бюджеті – 134,2 млрд. теңге (Займдар – 116,1 млрд. теңге, РБ бірлесіп қаржыландыру – 18,1 млрд. теңге). Оның 76,8 млрд. теңгесі игерілді (56 %).
Алматы – Қорғас (304 км) бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, сондай-ақ Шымкент – Ташкент (100 км) және Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы аралығындағы (81 км) учаскелерде жөндеу жұмыстары жалғасуда, жыл соңына дейін бұл аралықтағы жөндеу жұмыстары аяқталады.
Сонымен қатар, «Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша (Астана-Алматы) (Ұзақтығы – 1 288 км, Төсем – а/б және ц/б, Санаты: I санат – 1 282 км, Құны – 863 млрд. теңге, Қаржыландыру көздері – НФ, РБ, МБРР, ЕБРР займдары).
Осы бағыт бойынша 2013 жылдан бастап Астана-Теміртау (171 км) және Алматы-Қапшағай (104 км) учаскелерінде жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні Астана-Теміртау учаскесінің 12 шақырымы және Алматы-Қапшағай учаскесінің 72 шақырымы пайдалануға берілді.
«Орталық-Оңтүстік» жобасы бойынша 2016 жылдың бюджеті – 63 млрд. теңге (тек ҰҚ). Бөлінген қаражат есебінен жоғарыда көрсетілген учаскелерде жұмыстар жүргізілуде, және жыл соңына дейін толығымен аяқталады (Астана-Теміртау – 159 км, Алматы-Қапшағай – 32 км). Бөлінген қаржының 36,9 млрд. теңгесі игерілді (59 %).
«Орталық-Шығыс» жобасы бойынша (Астана-Өскемен)
(Қашықтығы - 1 018 км, жабын: а/б және ц/б, санат: I-санат – 436 км, II-санат – 580 км, құны – 407 млрд. теңге, қаржыландыру көзі – ҰҚ, РБ, Займдар)
Аталған бағыттағы жұмыстар 2013 жылдан бері Астана-Павлодар (441 км) және Павлодар-Семей-Қалбатау (473 км) учаскесінде жүргізілуде. Бүгінге күнге дейін 218 шақырымы пайдалануға берілді. Оның 47 шақырымы - Астана-Павлодар, 171 шақырымы - Павлодар-Семей-Қалбатау учаскесі. 2016 жылдың бюджеті - 60,5 млрд. тенге (тек ҰҚ). Бөлінген қаржы есебінен 516 шақырымында жұмыстар жүріп жатыр (Астана-Павлодар – 394 км, Павлодар-Семей-Қалбатау – 122 км). Аталған қаржының 41,5 млрд. тенгесі игерілді (69 % )- (ҰҚ).
Биыл жыл соңына дейін Астана-Павлодар учаскесі бойынша 220 шақырымның бір бағыты ашылады және Ертіс өзенінің үстінен салынып жатқан (12 км) көпір құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Орталық-Батыс») жобасы бойынша (Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау
(Қашықтығы – 2 504 км, жабынды – а/б және ц/б, санаты: I, II-санатты, құны – 916 млрд.тенге, қаржыландыру көзі –ХҚҚБ займы, АДБ, ИДБ, РБ, ҰҚ).
Аталған бағыт бойынша қашықтығы 470 км - Бейнеу-Ақтау учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2014 жылы 200 шақырымында қозғалыс ашылды.
Биыл Бейнеу-Ақтау учаскесі бойынша 38,5 млрд.тенге бөлінді (займдар және РБ). 210 шақырымында жұмыстар жалғасты, биыл 100 шақырымы аяқталып, Бейнеу-Шетпе аралығы толық қайта жаңғыртылады. 26,6 млрд. тенге игерілді (69 % ).
Сонымен бірге Ақтөбе-Атырау учаскесінің 26 шақырымында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оған 2,4 млрд.теңге (ҰҚ) бөлінді. 1,9 млрд.тенге (ҰҚ) игерілді (79 % ).