Шара барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың автомобиль, темір жол, теңіз және әуе көліктері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы автомобиль жолдарын дамыту сияқты негізгі мәселелер талқыланды.
Жиында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев Қазақстанның темір жолы мен автомобиль жолдарының Ресейдің ірі шекаралық аймақтарына шығуы қамтамасыз етілгендігін атап өтті. Олар Қазақстан мен Ресей арқылы Қытайдан Еуропалық одақ елдері мен Парсы шығанағына шығатын жолаушылар мен жүк тасымалының артуына мүмкіндік туғызатын халықаралық көлік дәлізі саналады.
Отырыс қорытындысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Ресей автомобиль жолдары» мемлекеттік компаниясы мен «РТ-Инвест көлік жүйесі» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда екі ел арасында күнделікті 20 әуе рейсі қатынайды. Қазақстан мен Ресей арасында 29 ұшу бағыты қамтылған. Болашақта екі мемлекет арасында көлік-логистика саласы тараптар үшін өте тиімді әрі заманауи деңгейге жеткізіледі деп күтілуде.