«Қазіргі кезде бізде 380 жаңа жоба (шетелдік инвесторлармен бірлескен – авт.) қолға алынған.Соның ішінде Қытай да, Ресей де, Түркия да, Америка Құрама Штаттары да бар. Мәселен, Қытай Халық Республикасымен бірлесіп атқаратын жобалардың көлемі 14-15-ақ пайызды немесе 51 жобаны құрап отыр.
Сондықтан аталған көрсеткіш ел егемендігіне қауіп төндіреді деп айту дұрыс емес. Оған қоса, бірлескен жобалардың көбісінің акционерлері Қазақстан азаматтары мен компаниялары. Қытай жағы тек қаржы мен қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп отырады», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.
Сондай-ақ ол бірлескен жобалардың экологияны ластап, оған қандай да қауіп төндіретінін жоққа шығарды. Себебі соңғы жылдары Үкімет тарапынан ауаны ластаушы өндіріс орындарына қатысты заң қатайтылып, әкімшілік жазалар күшейтілді.