Қос ауданның арасын жалғауы тиіс су бөгетінің ұзындығы - 37 шақырым. Құрылыс жұмыстарына 1500-ге жуық жергілікті тұрғын тартылған. Тәулік бойы 700 арнайы техника жұмыс істеуде. Жолдың жалпы құны - 16 млрд теңге. Мердігер мекеме бүйрегі бұрып, тек отандық өнімді жаратқан. Соның есебінен 3 млрд. теңге үнемдепті.
Ислам Әбішев – Қазақстан Республикасы АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы
Кейде айтылып жатады, «Неге күз айында ғана құрылыс жүреді?!», - деген сөз. Өйткені, күзде ғана су тартылады. Техникалық, инженерлік дұрыс шешімдер қабылданып, сапалы жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Мақтарал ауданындағы ағайын Шардараға Сарыағаш ауданы арқылы қатынайтын. ҚР АШМ Су комитетінің тапсырысымен салынып жатқан жол құрылысы бітсе, қос ауданның арасы жақсындайды. 2013 жылы басталған іс 2017 жылы маусым-шілде айларында бітеді,-дейді мамандар.
Нұрлан Ешімханов – «АҚЖОЛ - 2008 ЛТД» ЖШС-нің директоры
37 шақырым жолдың 32 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. 15 пайыз жұмыс қалды.
Сырдария - Орта Азиядағы ең ірі өзендердің бірі. Ферғана даласынан Арал теңізіне дейін ағып өтеді. 1960 жылы өзен бойынан, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы тұсында Шардара су қоймасы салынған. Стратегиялық маңызы зор жоба келешекте еліміздің су ресурсына деген қажеттілігін де жөнге келтіретін болады.