Қазақстандық авиакомпаниялардан Еуропаға ұшуына шектеулер алынып тасталды
08.12.2016, 18:00

Қазақстандық авиакомпаниялардан Еуропаға ұшуына шектеулер алынып тасталды

2016 жылғы 8 желтоқсанда Еуропалық комиссия ресми түрде қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропаға ұшуына шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. 

ЕО Ұшу қауіпсіздігі тізімін ЕО әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еуропалық комиссия қалыптастырады. Бүгінгі күнге дейін тізімде «Эйр Астана» авиакомпаниясынан басқа барлық қазақстандық авиакомпаниялар болды.

Осы шешім Брюссельде ағымдағы жылғы 23 қарашада өткен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитеті отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Отырыста Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің делегациясы еліміздегі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі, Еуропалық Комиссияның қадағалауларын жою бойынша іске асырылып жатқан түзету іс-қимылдар жоспарлары және Министрліктің отандық Азаматтық авиация саласын дамыту жоспары туралы ақпарат ұсынылды.

Бұрын ағымдағы жылғы 19-23 қыркүйек кезеңінде Еуропалық комиссия Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге техникалық бағалау жүргізіп, оның нәтижесі бойынша Комитет өзінің ИКАО стандарттарын тиімді енгізу деңгейін растаған еді. ИКАО стандарттарының және ұсынылатын тәжірибенің Қазақстандағы сәйкестігі мен енгізілу тиімділігі 65%-дан 74%-ға дейін артты. Еуропалық орташа көрсеткіш 76%-ды құрайды.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Фейсбуктағы өз парақшасында былай деп бөлісті: Құрметті, достар! Бүгін Еуропадан қуанышты хабар жетті. Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің шешіміне сәйкес қазақстандық әуекомпаниялар Еурокомиссияның «қара тізімінен» ресми түрде шығарылды.

Естеріңізде болса, «қара тізімге» «Эйр Астанадан» басқа барлық отандық әуе компаниялар кірген болатын. Еурокомиссияның бүгінгі ресми шешімінен кейін отандық әуе компанияларымыздың Еуропаға ұшу мүмкіндігіне енді шектеу қойылмайтын болады.

Айта кетейік, біз бұл нәтижеге қол жеткізу үшін талай жылдан бері талмай жұмыс істеп келеміз. Соңғы жылдары отандық әуе компанияларымыздың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сай көрсеткіші 65%-дан 74%-ға дейін артты. Ендігі кезекте біз осы көрсеткішті одан әрі жақсартуға, қазақстандық әуе компаниялардың халықаралық талаптарға мейлінше сай болуын қадағалауды жалғастыра береміз. Бүгінде министрлік халықаралық бағыттардағы әуе тасымалын арттыру үшін жұмыс жасап жатыр. Еурокомиссияның бүгінгі шешімі осы жоспарымызды өз деңгейінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер