Показать содержимое по тегу: тың жоба
Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген болатын. Бағдарламаны іске асыру бойынша облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік комиссия және сарапшылар кеңесі құрылған. Сарапшылық кеңесінің құрамында жергілікті зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Мақалада белгіленген 6 бағыт бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің басшысы Бақытжан Әшірбеков мәлім етті, - деп хабарлайды silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.