«Барлық жұмыстарды орындамаған, кейіннен мемлекеттік қолдауға ие болатын банктер ешқандай нәтиже бермейтін болады. Сондықтан баршаңызға Ұлттық Банкке қысым көрсетуді тоқтатуға кеңес беремін. Қазіргі уақытта «Qazaq Bank», «Эксимбанк» және «Астана Банкі» нашар көрсеткіштерге ие. Себебі, бұл банктердің акционерлері жұмысты дұрыс басқармай, салымшылардан алған ақшаны қатарып беруге шамалары келмей, оларға жауап бере алмай отыр. Олар қалай жұмыс істей алады?»,-деді Елбасы Ұлттық банктің қорытындылары бойынша өткен кеңесте.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, биылғы жылы Ұлттық Банктің нашар жұмыс істейтін банктерді оңалту бағдарламасы жабық болады деп мәлімдеді.