Показать содержимое по тегу: ҚАйтуғанов
Мал бордақылау алаңдарын және сүт қабылдау пункттерін кепілдіксіз сатып алу үшін Министрлік тарапынан несиелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жүйе әзірленді. Бұл туралы Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz.
««ҚазАгро» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары арқылы лизингке бере отырып, бастапқы жарна ретінде инвестсубсидиялар қарастырылады және бұл қаржыға кепілдікке сатып алынатын жабдықтар алынады.Отандық компаниялармен нарықта модулді сүт қабылдау пункттері ұсынылған. Олар аз шығынды және арнайы орындар мен қондырғыларды монтаждауға қосымша шығынды қажет етпейді. Тек энергия және сумен қамтамасыз ету желісінің болуы қажет», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Қ.Айтуғановтың айтуынша, әрбір облыста пилотты аудандарды аңықтау жұмыстары басталды және де осы аудандарда шаралардың талаптарына сай келетін кооперативтер құрылатын болады. Одан кейін, аталған кооперативтердің тәжірибесі басқа өңірлерде таралуға пайдаланылатын болады.
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастырудағы кейбір заңнамалық мәселелерге тоқталып өтті, деп хабарлайды silteme.kz.
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов Мемлекет басшысының жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылықтарын жүктеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндады, деп хабарлайды silteme.kz.
Облыс әкімдіктерінің жоспарына сәйкес 2016 жылы 161 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Олар өзіне 99 сүт қабылдау пунктін және 2 200-ден аса отбасылық шағын бордақылау алаңдарын біріктіреді. Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Мамлакат» ЖҚШ-дағы кездесуде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов мәлімдеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов Түркістан қаласындағы «Мамлакат» ЖҚШ жұмысымен таныстыру барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке ауыл тұрғындарының жұмыспен тиімді қамтылуын қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы АӨК өнімдерінің көлемін арттыру шаралары туралы баяндады.