Показать содержимое по тегу: шешім
«Назарбаев зияткерлік мектептерін» коммуналдық меншіктен дербес білім беру ұйымына беру көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР үкіметінің қаулысы жобасында жазылған, деп хабарлайды elorda.info.
Алматыда Қазақстан Жазушыларының кезекті XV Құрылтайы өтті. Құрылтайда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа құрамы бекітіліп, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жаңа төрағасы болып ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет тағайындалды және бақылау-тексеру комиссиясы сайланып, ағалар алқасының құрамы бекітілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан парламенті Неке және отбасы заңнамасына және «Әйелдерді қолдау және отбасы институтын нығайту бойынша кешенді шаралар бағдарламасына» өзгерістер енгізеді. Оған сәйкес, енді ажырасу ісі тек сот арқылы рәсімделетін болады, деп хабарлайды kazislam.kz.
"Әдемі, білімді. Бірақ, жалғыз. Неге?" атты жазбамның жалғасы ретінде жасы келіп, тұрмыс құрмаған қыздарға арнайы сараптамалық ой-тұжырымымды ұсынғанды жөн көріп отырмын. Ата-бабамыз ұлдарды 13-те отау иесі деп келсе, бүгінгі қоғамда қыз бала 25 жасқа дейін тұрмыс құру керек деген пікір қалыптасты. Осы жастан асып, бойдақ жүрген қыздарды халықта «кәрі қыз», «отырған қыз» деп те атайтын болған.
Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш болып, айбынымыз әлемге тараған еліміздің еркіндігі күн санап нығаюда. Ата-бабамыздың өсиеті әрбір жүрегі қазақ деп соққан ұланның қанында намыс отын ойнатады. Тағдыр сынының небір зұлматтарынан сүрінбей өттік, өзгенің қолында кеткен құндылығымызды кері қайтаратын күн де туды. Ұмыт болған ұлттық мұрамыз қайтадан жанданды.