Показать содержимое по тегу: Латын әліпбиі
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне 2025 жылға дейін біртіндеп көшу керек екенін айтқан болатын. Демек, бұл мәселеде асығыстыққа жол беруге болмайды. Осыған дейін қабылданған нұсқаларда ғалымдар тарапынан асығыстық байқалды. Әлеуметтік желілерде біраз талқыланды. Сыни пікірлер айтылды. Әліпбиге байланысты өзімді толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде ой бөлісуді жөн көрдім. Кейбір әріптерді таңбалауды әлде де жетілдіруде септігі тие жатар.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай латын графикасымен алғаш рет қазақ-өзбек тілдерінде газет шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Егемен Қазақстан .
Нөлінші сыныпқа арналған оқулықтар бірден латын әліпбиінде басып шығарылатын болады. Бұл туралы халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ағымдағы жылдың 16, 17, 18 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілігін арттыру курсын» өткізеді.