Оқулықтар бағасы 8 пайызға қымбаттады
23.04.2018, 11:09

Оқулықтар бағасы 8 пайызға қымбаттады

2018 жылдың бірінші кварталында оқулықтардың бағасы 7,9 пайызға қымбаттады деп жазады finprom.kz. 

Одан бөлек газет бағасы да нарықта 6,6 пайызға өскен. Оқулықтар мен анықматалық кітаптар Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистерде күрт қымбатады. Астанада бір оқулықтың орташа бағамы 1800 теңге (бір жыл бұрын 1693 теңге), Көкшетауда 1752 теңге (бір жыл бұрын 1509 теңге), Ақтөбеде 1604 теңге (бір жыл бұрын 1482 теңге болған).

Ал күнделікті газет атыраулықтар үшін қымбаттап кетті. Қазір Атырауда газеттің орташа бағасы 133 теңге болып, бір жыла 9 пайызға қымбаттаған. Семейде 118 теңге (бір жылда бағасы 3,5 пайызға өскен).

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер