Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп латын әліпбиінде газет шығармақ
13.05.2018, 13:24

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп латын әліпбиінде газет шығармақ

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай латын графикасымен алғаш рет қазақ-өзбек тілдерінде газет шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Егемен Қазақстан .

Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясы мен ӨР Жазушылар одағының кездесуінде Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев мәлім етті. «Бүгін біз бірлескен кітап-журналдарды әзірлеу ісіне жақсы негіз болатын ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыладық. Латын графикасымен басылатын бірлескен газетті шығару жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл мәселеде Өзбекстанның тәжірибесі, жақсы әдіснамалық негіздері бар. Латын графикасымен жаңа шығармаларды шығаруға болады. Бұл оқырмандарға Өзбекстан және Қазақстан өмірі туралы көбірек білу мүмкіндігін береді.

Бұдан тыс, екі елдің жазушылар одағының ортақ тарихын сипаттайтын әрі шығармашылықпен айналысатын бүкіл зиялы қауымға арналған жол картасын жасау мәселесін қарадық. Біз екі халықтың болашағын көрсетуіміз қажет. Ондай жол картасы жаңа туындылардың өмірге келуіне түрткі болып, тамам халыққа қолжетімді болады. Үстіміздегі жылдың тамыз айында, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай алғашқы газетті шығаруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, ӨР президентінің қаулысымен жыл сайын «Абай оқулары» өткізілмек», - дейді Ерік Өтембаев.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер