Ақпарат көзінің дерегінше, бүгінде елде бизнеспен шағын және орта кәсіпкерліктің 1,2 млн субъектісі айналысады. Олар 11 айдың қорытындысы бойынша 8,7 трлн теңгенің өнімін өндіріп, 3,2 млн адамды жұмыспен қамтыған.
Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5,6%-ға артыпты. Биыл бұл бизнесмендердің жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі 26,8%-ға жетті.
Айта кету қажет, бизнес климатты жақсарту мақсатында елде бірқатар әкімшілік кедергі алынып тасталынады. Сонымен қатар алдағы уақыттағы тексерістер саны қысқарып, тек профилактика түрінде болады. Ешқандай да әкімшілік іс жүргізілмейді.