Бүгінгі күннің өзінде Festival Avenue сауда орталығына 30 бренд шығарылған.
Павильонның бірінші қабатында қазақстандық өндірушілердің кәделік өнімдері сатылуда, екінші қабатта жеңіл өнеркәсіп тауарлары бар. Үшінші қабатта дегустациялау залы орналасқан, онда қазақстандық өнімдердің дәмін татып көруге де, сатып алуға да болады.
Сонадй-ақ "Халық маркасы" федерациясының Астана қонақжайларында кәделік өнімдердің ассортиментін кеңейтіп,мейрамханалардың мәзіріне қазақ ұлттық тағамдарын қоспақ ойлары бар.
Қазақстандық өнімдерді танытушы стендтер жуық арада еуропалық елдердің, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Түркияның Duty free желілеріне шығарылады.
Римма ТӘЖІБАЕВА , қазақстандық тауарлар мен қызметтер сапасына бақылау федерациясының президенті "Халық маркасы":
"Біз өндірушілерді бүкіл елдің ішінен іріктеп аламыз. Қазақстан атынан сыртқы нарыққа шығуға лайықты брендтердің Қазақстанда жеткілікті екендігін атап өткім келеді. Астанада павильондарды аралап шыққан шетелдіктер қазақстандық тауарларға көңілдері толып, біраз зат сатып алды."
2-3 айдан соң Мәскеуде Еуразиялық Іскерлік Кеңес шеңберінде сауда-электронды алаңша жұмысын бастамақ. 2016 жылы елдердің және РФ аймақтық павильондары форматында тұрақты негізде істеп тұрған ЕАДС-ЭКСПО көрмесі жобасы іске қосылды, онда өндірушілердің өнімдері қойылады. Бұл көрме Еуразиялық Экономикалық Комиссия, Ресей Федерациясының басқа салалық министрліктері мен ведомстволары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Көрме Ресей Федерациясы субъектілері арасындағы, сондай-ақ ЕАЭО, БРИКС, АСЕАН, ШЫҰ мүше елдер, Орталық және Орта Азия аймағы, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері арасындағы, Ресейдің өңірлері мен аталған әріптес елдердің саудалық операторлары арасындағы тікелей іскерлік қатынастар саласында жан-жақты экономикалық дамудың зор әулеті бар екендігін көрсетті.
Мария Анарбаева, Еуразиялық Іскерлік Одақтың өкілі:
"Еуразиялық Іскерлік Одаққа біздің өндірушілерімізді таныта отырып, біз елдердің нарықтарын, әсіресе Ресей нарығын зерттедік. Біздің компаниялардың әлуеті бойынша сараптама жүргізіп, бүкіл қазақстандық дайын өнім экспорттала алады, деген қорытындыға келдік, АЛАЙДА оған қатысты жұмыс жүргізу керек.
Біреулер маркетингісін жөндеуі керек, енді біріне ребрендинг қажет, кейбіреулерінің бұл тұстары ойдағыдай болғанмен, логистика, қойма мәселесі шешімін таппаған. Тіпті ірі компаниялардың өзіне бұл мәселелерді шешу үшін біраз бюджет керек. Сол себепті әр елде сауда үйін құру керек, оны біз өзіміздің әлуетті әріптесіміз ретінде қарастырмақпыз, онымен саудалық қатынастар орнатуға дайынбыз. Біздің өнімге қатысты жұмысты кәсіби тұлғалар жүргізуге тиіс, олар менталитетті, өз нарығында тағам өнімдерін ілгерлету мүмкіндіктерін және сұранысты білетін адамдар болмақ.Ресейде біз команда құрдық, ол сауда желілерімен жұмыс істей алатын, өнімді жарнамалай алатын, яғни, өнім тиелгеннен бастап дебиторлық қарызға дейін жағдайларды бақылауға алатын топ. «Қазақстанды таныту керек!»
Бастысы, өнімді экспорттау үшін яғни сыртқы саудаға шығу үшін Қазақстанның ішкі нарығы қамтамасыз етілуге тиіс. Ал өндіруші ішкі нарықта желілермен жұмысын пісіріп алған соң ғана жаңа биіктіктерге ұмтылуы қажет. Ресейліктермен салыстырғанда әзірге көптеген компаниялар біздің желілермен жұмыс істеуге дайын емес.
Қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстандық тауарлар мен қызметтер сапасына бақылау "Халық маркасы" федерациясы» "Miss Expo Made in Kazakhstan-2017" сұлулық фестивалінің басталып отырғандығын жариялайды.
Фестивальдің мақсаты мен міндеті – жаңа, жарқын идеяларды табу, қазақстандық брендтерді ілгерлету және Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін жарналамау.
Конкурсқа Қазақстанның 84 қаласынан 14 пен 22 жас аралығындағы қыздар қатыса алады.
Конкурсқа өтініштер 2017 жылдың 15 сәуірі мен 05 маусымы аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысушылар өз қаласы туралы 1 минут көлемінде бейнепрезантация әзірлеуге тиіс.
Сондай-ақ сол қалада шығарылатын үш тауар не қызмет жарнамаланады (кадрда қыз баланың қатысуымен үш сурет болуға тиіс ).
Конкурс жеңімпазы сайтқа кірушілер арасында жүргізілетін ашық түрде интернет-дауыс беру арқылы айқындалады.
Жеңімпаз Қазақстан брендтерін бүкіл әлемге танытатын болады.
Конкурстың ресми порталы: www.halykmarkasy.kz
Конкурс материалдарының өтініштері halykmarkasy@gmail.com электронды почтасына жіберіледі.