Инвестициялық ынтымақтастық пен бидай жеткізу квотасын арттыру мәселелері талқыланды
01.04.2017, 10:45

Инвестициялық ынтымақтастық пен бидай жеткізу квотасын арттыру мәселелері талқыланды

Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарының екінші күні ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған қазақстандық делегация ҚХР Коммерция министрі Чжун Шанмен кездесті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Онда инвестициялық ынтымақтастық пен қазақстандық бидайды жеткізу квотасын арттыру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын инвестициялау және қазақстандық азық-түлікті ҚХР-ға экспорттау бойынша  ҚХР Халықаралық сауда-саттыққа атсалысу комитеті өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Айта кетейік, А.Мырзахметов бастаған делегация құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, өңірлердің салалық басқармаларының, «ҚазАгро» холдингі мен еншілес ұйымдарының басшылары, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлері және ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер бар.

Сапардың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы АӨК-ке шетелден инвестиция тарту мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру және екі жақты тиімді келісімдерге қол жеткізу.

Бұған дейін делегация мүшелері ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы мен ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚХР-дың бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын арттырудың жаңа жолдары талқыланды және күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелер шешімін тапты.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер