Бүгінгі күні кооперативке 52 мүше кіреді. Олардың 38-і "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан" жеңілдетілген несие алған. Олар "Ырыс" бағдарламасы арқылы 521 бас ірі қара мал сатып алып, сүтті кооперативке тапсырады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 103 миллион теңге құрайды.
Сонымен қатар, кооперативтің өзі де қаржыландыруға ие болды: "Ынтымақ" бағдарламасымен алған 9 млн теңгені 2-тонналық салқындатқыш-танкер мен 1,5-тонналық сүт тасымалдау көлігін сатып алуға жұмсады.
- Қордың бағдарламалары кооперативке аяққа тік тұрып, ауыл тұрғындарын тұрақты табыспен қамтуға мүмкіндік береді, - дейді "Керей" АӨК басшысы Болат Омаров. - Біз олардан сүт жинап, оны салқындатылған түрде зауытқа жеткіземіз. Кооператив жұмысын әрі-қарай дамыту бойынша үлкен жоспарларымыз бар.